Меню KDT
МЕНЮ


Коронавирустан қорғанудың қандай әдістері бар?

1) Қол гигенасын ұстаныңыз. Қолды сабынмен жиі жуыңыз және қолды дезинфекциялау құралдары (тері антисептиктерін) жөтелгеннен, түшкіргеннен кейін қолданыңыз. Тамақ әзірлеудің алдында, сондай-ақ науқастардың жеке заттарын қолданған жағдайда.

2) Көз, мұрын, бетіңізге қолыңызды барынша тигізбеуге тырысыңыз.

3) Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киіңіз.

4) Ауырып жүрген адамдардан және олардың заттарына жанасудан аулақ болыңыз, байланысқа түскен жағдайда, бетпердемен қорғаныңыз.

5) Жөтелі немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрын жабу үшін майлықтарды пайдаланыңыз, содан кейін оларды қоқысқа тастаңыз және қолды мұқият жуыңыз.

6) Жалпы жақсы гигиеналық әдеттерді ұстаныңыз.

7) Көкеністермен жеміс-жидектерді қолданар алдында мұқият жуыңыз.

8) Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтаныңыз, дене шынығумен айналысыңыз және толыққынды сегіз сағат ұйықтаңыз.



Көптеген адамдар коронавирус жайында білмейді
Коронавирус - ол қандай ауру?

Коронавирустар - бұл адамдар мен жануарлар арасында таралған вирустардың үлкен отбасы.
2019 жылы жаңа коронавирус ауруы - Қытайда, Ухань қаласында, алған рет анықталған респираторлық ауру. Хабарламалар бойынша, Уханьда емдеушілердің көбі Қытай теңіз өнімдерімен жануарлардың ірі нарығымен байланыста болған науқастар себепші болды. Бұл адамнан адамға таралатын ауру.

Ауру белгілері қандай?
1. Жөтел
2. Температураның көтерілуі
3. Пневмония
4. Ентігу
5. Құсу
6. Диарея
7. Өкпе жеткіліксіздігі
8. Бүйрек жеткіліксіздігі

COVID-19 вирусының емі бар ма?
Қазіргі таңда арнайы емі жоқ. Ауру жағдайлары тіркелген емдерде симптоматикалық емдеу жүргізілуде.


COVID-19 адамнан адамға қалай беріледі?
1. Науқас адаммен тікелей байланыс арқылы
2. Түшкіру және жөтел кезінде
3. Науқас адамның жеке заттарымен және ыдысымен байланыс арқылы жұғады









Солтүстік- Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы КММ "Ақтүйесай орта мектебі" директоры: Ксебаева Ботагоз Шаймерденовна

 



В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц48
  • За неделю10
  • Вчера1
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

полезные ссылки